Баходир Жалолов IBF рейтингінде нәбәрі 13-орынға тұрақтады

11.04.2025, 16:03

15 жекпе-жектің бәрін жеңген боксшы әліге дейін титулсыз келеді

Баходир Жалолов IBF рейтингінде нәбәрі 13-орынға тұрақтады
Sputnik / Павел Лисицын

Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсететін өзбекстандық Баходир Жалолов (15-0, 14 КО) IBF рейтингінде небәрі 13-орынға тұрақтаған. Тізімде бар-жоғы 15 боксшы ғана бар.

Өзбек боксының жұлдызы 5 сәуірде Астанадағы кәсіпқой бокс кешінде украиналық Игорь Шевадзуцкиймен 10 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Алайда, осы жекпе-жектен кейін оны сынағандар көп болды. Тіпті, кәсіпқой бокста еш болашағы жоқ деп болжам жасаған сарапшылар да бар.

Баходир Жалолов ұзақ уақыттан бері кәсіпқой мен әуесқой боксты қатар алып жүр. Ол Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, әлем мен Азия және Азия ойындарында да топ жарған. Алайда, кәсіпқой бокста 15 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетсе де, ешқандай титулы жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам