
Ол жуырда ғана кәсіпқой бокстағы дебютін жеңіспен бастаған еді
Бокстан жастар арасында әлем чемпионы Төрехан Сабырхан дене жаттығуын қалай жүргізіп жатқанын көрсетті. Танымал жас боксшы үй жағдайында мал шаруашылығында жұмыс істеп, қи ойып, қара күш жинайтынын атады.
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, жанкүйерлерінің қызықтырып қойды.
«Қайдағы Америка? Үйдеміз! Күшке жұмыс істеп жатырмыз», - деп жазды боксшы Instagram-да.
Жария болған бейнежазбада оның қорада қалың қабатқа айналған қиды ойып жатқаны анық көреді. Осылайша үйге қолғабыс етумен қатар, ол қара күшті жинайтынын жеткізді.
Төрехан Сабырхан ақпан айында Болгарияның София қаласында өткен «Странджа» халықаралық турнирінде 67 келіде чемпион атанған болатын. Финалдық жекпе-жекте Сабырхан өзбекстандық Мұхамадазизбек Исмаиловпен кездесіп, сенімді түрде жеңіске жетті. Осылайша, ол тек чемпион атанып қана қоймай, турнирдің «Ең үздік боксшысы» атағымен марапатталды.
Сондай-ақ, ол 5 сәуір күні кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. «Battle of the Brave» бокс кешінде жас боксшы қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, кәсіби мансабын оң нәтижемен бастады.