Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Ерім дейтін әкімдер болмай тұр – Бақтияр Артаев шенеуніктерді сынады

07.01.2024, 15:10

Ол спортшыларға қалай көмектесу керек екенін түсіндірді

Ерім дейтін әкімдер болмай тұр – Бақтияр Артаев шенеуніктерді сынады
Ortcom.kz

Бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновтың пәтер дауына байланысты даңқты боксшы Бақтияр Артаев пікір білдірді.

Есте болса, 2021 жылы Токио олимпиадасынан үшінші орын және әлем чемпионатынан алтын медаль алған Сәкен Бибосыновқа Түркістан облысының сол кездені әкімі Өмірзақ Шөкеев екі бөлмелі пәтердің кілтін сыйға тартқан болатын. Алайда, арада үш жыл өткеннен кейін аталған баспананың жалдамалы екені анықталды. «Бір-ақ күнде далада қалуым мүмкін» деп дабыл қаққан боксшыға жергілікті әкімдік құрғақ уәде беруден ары аса алмай отырған көрінеді.

Афины олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев болса ерім дейтін әкімдердің қалмағанына ренішін білдіріп отыр.

«Тәуелсіздік алғалы неше жыл болды, біздің әкімдер әлі спортшыларға занды және жекеге әлі пәтер бере алмай жүр. Жолын білмесе айтайын, сессия маслихатпен Әлем чемпионына 30 000 000 тг Олимпиада чемпионына 50 000 000 тг деп бір рет бекітсе болды. Сосын чемпион ары өзі біледі үй ала ма, бизнеске жұмсай ма. Еш ренішсіз, ынталанып, жігерленіп ары жұмыс істей береді. Ерім дейтін әкімдер әттен болмай тұр», - деп жазды Артаев өзінің Facebook-парақшасында.

Сәкеннің пәтер дауы туғаннан кейін Түркістан облысының әкімдігі баспананы спортшының атына рәсімдеу үшін демеуші іздеп жатқанын хабарлады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам