Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Қазақ боксшылары Африкадан келген қапшықтарды ұрып жүр - Аида Сатыбалдинова

25.05.2025, 12:47

Ол отандық бапкерлердің кәсіби боксшыларды дайындай алмайтынын атап өтті

Қазақ боксшылары Африкадан келген қапшықтарды ұрып жүр - Аида Сатыбалдинова
instagram.com/lady_sparta

АҚШ-та тұрып жатқан қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова неге өзге отандық боксшылардың да Америкаға көшуі керектігін түсіндірді.

«Неліктен Қазақстанда жүріп абсолютті чемпион атану мүмкін емес? Біріншіден, барлық мықты боксшылар мен промоутерлер АҚШ-та. Екіншіден, біздің бапкерлер (ренжімеңіздер) әзірге кәсіби боксшыларды дайындап үйренген жоқ. Америкалық жүйеге ұқсайтын әдістемесі бар жалғыз бапкерді ғана білемін. Үшіншіден, лайықты деңгейдегі спарринг-серіктестер жоқ. АҚШ-та спарринг дегеніміз – кәдімгі гладиаторлар шайқасы. Одан қалды Қазақстанға әлемдік деңгейдегі боксшылар келмейді. Ал Үндістан мен Африкадан келген «туристерді» жеңгеннен алысқа бара алмайсың. (Бұл жерде әңгіме ұлт туралы емес, бокс деңгейіне қатысты). Ең мықтылармен жұдырықтаспай, абсолютті чемпион қалай атанбақсың?!» - деді боксшы қыз.

Ол үздік атану үшін нағыз мықтылармен жұдырықтасу керектігін еске салды.

«Абсолютті чемпион болғысы келетін боксшы міндетті түрде АҚШ-қа көшуі керек. Бірақ мұнда бәрі сәтті болады деп ешкім кепілдік бермейді, себебі бұл жақтың да өз қиындықтары бар. Сөйте тұра Қазақстанда отырып алып чемпиондық дәрежеге қол жеткізу мүмкін емес. Неге екенін білесіз бе? Себебі сен өз салмағыңдағы барлық топ-боксшыны жеңуің керек. Ал сол топ-боксшылар қайда? Қазақстанда емес қой», – деп жазды Сатыбалдинова Instagram-дағы сторисінде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам