Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін

Ол Ресейдің әйгілі файтері Фёдор Емеляненкомен төбелеседі деп күтілуде

Getty Images
Getty Images

Аса ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, Халықаралық бокс даңқ залының мүшесі, аты аңызға айналған америкалық боксшы Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Бұл туралы «Alash Pride» лигасының президенті Әлімжан Бектаев мәлімдеді.

«Біз Майк Тайсон мен аралас жекпе-жек аңызы Фёдор Емельяненко арасында кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Тайсонды шақырғымыз келетін турнир желтоқсан айына жоспарланған», — деді Әлімжан Бектаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Майк Тайсон кәсіби мансабында 50 рет жеңіске жетіп (оның ішінде 44-і нокаутпен), 7 жеңіліс тапқан. Былтыр ол америкалық блогер Джейк Полға есе жіберді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам