Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Генри Сехудо Астанада Қайрат Ахметовпен жекпе-жекке шығады

26.05.2025, 11:42

Бұл жекпе-жек Alash Pride лигасының тарихи кездесуі болмақ

Генри Сехудо Астанада Қайрат Ахметовпен жекпе-жекке шығады
Видеодан кадр

Еркін күрестен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, UFC чемпионы Генри Сехудо Астанаға келді. Танымал спортшы Қазақстан Alash Pride лигасының 108-ші турниріне қатысады деп күтілуде. Бұл оның Орталық Азиядағы алғашқы ресми сапары болып отыр. 

Белгілі болған ақпарат бойынша, 27 мамыр күні Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Генри Сехудо Қазақстанның ең үздік ММА жекпе-жекшілерінің бірі, Alash Pride лигасының чемпионы Қайрат Ахметовпен октагонға шығады. Бұл жекпе-жек Alash Pride тарихындағы ең маңызды кездесулердің бірі болғалы отыр. 

«Қайрат Ахметовті жақсы білемін. Ол мықты қарсылас. ONE FC-дің бұрынғы чемпионы. Октагондағы кездесуімізді асыға күтіп жүрмін», - деді Генри Сехудо. 

Alash Pride лигасының 108-ші турнирінде Генри Сехудо мен Қайрат Ахметовтен бөлек, Дамир Исмагулов (Қазақстан)  42 жастағы бразилиялық Адриано Мартинске қарсы айқас өткізеді. 

Танымал спортшы елордаға келген соң қазақтың ұлттық асханасынан дәм татқан. Ол желіде жариялаған 

бейнежазбасында қазы-қартадан ауыз тигенін анық байқауға болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам