Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Азия чемпионы Аман Қонысбековке жанкүйерлер көлік сыйлады

26.05.2025, 17:00

Ол Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған

Азия чемпионы Аман Қонысбековке жанкүйерлер көлік сыйлады
instagram.com/amankonsbekov

Бокстан Қазақстан жастар құрамасының мүшесі, 75 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Аман Қонысбековке жанкүйерлері темір тұлпар тарту етті.

Аман Қонысбеков үш күн бұрын Шри-Ланкада 22 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын. Осы жетістігінен соң елге оралған боксшы әлеуметтік желіде «Ағалар көлік сыйлап жатыр» деген жазба жариялап, қуанышын бөлісті. Видеодан BMW маркалы қызыл түсті көлікті көруге болады.

Аман Өзбекстанның Науаи облысына қарасты Зафарабад ауылында туған. Бұған дейін 71 келі салмақта Өзбекстан чемпионатына қатысып, 2023 жылы қола жүлде алған. 2023 жылдың ақпанында тарихи Отаны – Қазақстанға көшіп келіп, бүгінде Түркістан облысының намысын қорғап жүр.

Содан бері ел ішінде өткен бірнеше турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанып, өз шеберлігін дәлелдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам