
Жалолов Ашурматовқа қатты дауыспен ренішін білдірді
Желіде Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов пен оның отандасы, футбол жаттықтырушысы Бахтиёр Ашурматов арасындағы шиеленісті сәттің видеосы тарады.
Ташкенттегі футбол турнирі аясында өткен жолдастық матч барысында ойыншы ретінде қатысып жатқан Жалоловтың Ашурматовқа қатты дауыспен ренішін білдіріп жатқанын көруге болады. Осы сәтте футболшы Ойбек Киличев араласып, жағдайды реттеуге тырысты.
«LikeCup турнирінде Баходир Жалолов қарсылас команданың бапкері Бахтиёр Ашурматовпен сөзге келіп қалды. Оқиғаға Өзбекстан ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы Ойбек Киличев араласып, екеуіне де басу айтты», — деп жазады Tribuna.uz телеграм-арнасы.