Диас Молжігітов бокстан Thailand Open турнирінің финалына шықты

30.05.2025, 14:59

Финалда ол Қытай қазағымен жұдырықтасады

Диас Молжігітов бокстан Thailand Open турнирінің финалына шықты
Қазақстан бокс федерациясы

Тайланд астанасы Бангкокта бокстан өтіп жатқан Thailand Open халықаралық турнирінде қазақстандық Диас Молжігітіов финалға шықты. 80 келіде өнер көрсететін отандасымыз жартылай финалда қырғызстандық Өмірбек Бекжігітұлымен кездескен болатын. Жекпе-жек нәтижесі бойынша отандасымыз қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Енді финалда Диас Молжігітов Қытай құрамасының өкілі, этникалық қазақ боксшысы Тоқтарбек Таңатқанмен өзара мықтыны анықтайды.

Сонымен қатар, ерлер құрамасынан 85 келіде Бекзат Таңатар финалға шығар жолда Өзбекстан спортшысы Нұрсатбек Тохировпен кездесіп, есе жіберді. Осылайша Бекзат Thailand Open халықаралық турнирінің қола жүлдегері атанды.

Бұдан бөлек, әйелдер құрамасынан Елдана Тәліпова иорданиялық Ислам Нава Хусайлимен кездесіп, жеңіске жетті. Виктория Графеева (60 келі) мен Гүлсая Ержан (80 келі) да финалдық сынға жолдама алды.

Кеше ерлер құрамасынан рингке шыққан боксшыларвмыздың бәрі жеңіліп, әрбірі қола жүлдегер атанған еді. Олар: Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Данияр Рахымбердиев (90 келі) және Дулат Бекбауов (65 келі).

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам