Альварес пен Кроуфорд көз арбасу рәсімін өткізді

11.06.2025, 21:08

Екеуінің жекпе-жегі 13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді

Альварес пен Кроуфорд көз арбасу рәсімін өткізді
championat.com

Екінші орта салмақта абсолютті чемпион Сауль Альварес (63-2-2, 39 KO) пен бірінші орта салмақта WBA тұжырымы бойынша белбеу иесі Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) көз арбасу рәсімін өткізді.

Екеуінің жекпе-жегі 13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Бұған дейін Сауль Альварестің блогер Джейк Полмен кездесуі мүмкін екені айтылған еді. Алайда «Канело» Сауд Арабиясының ойын-сауық басқармасының басшысы Турки әл Шейхпен ұзақ мерзімді келісімге қол қойып, Полмен өтетін айқас өтпейтін болды.

Ал Кроуфордқа келсек, 37 жастағы боксшы тамыз айында бірінші орта салмақта дебют жасап, 12 раундтық жекпе-жекте өзбекстандық Исраил Мадримовты (10-1-1, 7 KO) жеңген.

Осылайша, Кроуфорд екі салмаққа көтеріліп, үшінші рет абсолютті чемпион атағы үшін таласады. Альварес пен Кроуфорд арасындағы жекпе-жек Netflix платформасында көрсетіледі.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам