
Шын мәнінде әлі де IBA құрамында екенін алға тартты
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, кәсіпқойлар арасында әлем чемпионы әрі Украинаға еңбек сіңірген спорт шебері Андрей Котельник Украина құрамасының 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада өткен World Boxing Әлем кубогіне қатыса алмауының себебін атады.
Бұл туралы Ukranews.com сайты жазды. Котельниктің айтуынша, бұған Украина бокс федерациясы басшылығы кінәлі.
«Бүгінде украин боксы ауыр әрі мүшкіл жағдайға тап болды - мұның бәрі федерациядағы кәсібиліктің жоқтығынан, әлеуметтік желілердегі қолдан жасалған «сәттілік» бейнесінен және олимпиадалық бокстағы шынайы жағдайдың бұрмалануынан туындап отыр», - деп жазды спортшы Facebook парақшасында.
Оның пікірінше, мұндай жағдайдың туындауы кездейсоқ емес, бұл халықаралық ұйымдарға мүше болу мәселесі төңірегіндегі жасанды әрекеттер салдары. Маман украин бокс федерациясының (ФБУ) өзін ресейшіл IBA-дан шыққанын жариялап, World Boxing ұйымына қосылуға ниетті екенін айтқанымен, шын мәнінде әлі де IBA құрамында екенін алға тартты.
«IBA мүшелік тізімін үнемі жаңартып отырады және онда УБФ да бар», - деп жазады Ukranews.com.