ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Канеломен» бірге жаттығатын қазақ боксшысы Головкин екеуінің қайсысы мықты екенін айтты

Бүгін, 00:15

Бек Нұрмағанбет Сауль «Канело» Альварестің командасымен жұмыс істейді.

«Канеломен» бірге жаттығатын қазақ боксшысы Головкин екеуінің қайсысы мықты екенін айтты
©instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli/

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет еліміздің тарихындағы ең үздік боксшы деп Геннадий Головкинді санайтынын, ал бүгінгі таңда ең мықты былғары қолған шебері Жәнібек Әлімханұлы екенін алға тартты.

Екінші орта салмақта өнер көрсететін, жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет Сауль «Канело» Альварестің командасымен жұмыс істейді. Жерлесіміз betonmobile.ru сайтына берген сұхбатында қазақ боксындағы ең ұлы есімдерге қатысты пікірін білдірді.

«Егер Қазақстан тарихы туралы айтатын болсақ, үздік боксшы – Геннадий Головкин. Головкинды бәрі біледі, оны түсіндіріп жатудың өзі артық. Жалпы, бізде әлем чемпионы атанған боксшылар көп – Жиров, Жақиянов, Шүменов. Әрқайсысының өзіндік жолы, тарихы бар. Ал қазіргі таңда ең үздігі – Жәнібек Әлімханұлы. Өйткені ол – қазір әлем чемпионы», – деді Нұрмағанбет.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет бірнеше жылдан бері Канелоның жаттығу лагерінің тұрақты мүшесі және оның негізгі спарринг-серіктестерінің бірі саналады. Ол кәсіпқой рингте 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 12-сі нокаутпен аяқталған.

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі 12 шілдеде өтеді деп күтілуде. Қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 2
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам