ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Қазақстандық боксшы Ыстықкөлде суға батып көз жұмды

12.07.2025, 19:43

Жас боксшы 2003 жылы туған

Қазақстандық боксшы Ыстықкөлде суға батып көз жұмды
pixabay.com

Қазақстандық бокста қайғылы оқиға болды. Жақында Ыстықкөлде шымкенттік спортшы Ибрахим Ирисматов суға батып көз жұмды. Ол 2003 жылы туған. Бұл туралы Kozachkov offside арнасы жазды.

Оқиға болған сәтте сол маңда 22 жасқа дейінгі боксшылар құрамасының оқу-жаттығу жиындары өтіп жатқан.

Бокс федерациясының мәліметінше, қаза тапқан жігіт бұл жиынға қатыспаған, демалуға барып, басқа демалыс базасында тұрған. 9 шілде күні марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 8
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам