ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Әлімханұлынан қашып жүрген боксшының жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Бүгін, 10:17

Хамза Шираз техникалық нокаутпен (ТКО 5) жеңіске жетт

Әлімханұлынан қашып жүрген боксшының жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
allboxing.ru

Нью-Йорктегі Louis Armstrong Stadium аренасында өткен кештің басты жекпе-жегінде WBC тұжырымы бойынша суперорта салмақтағы (76,2 кг дейін) кездесу аясында бұрынғы үміткерлер - пуэрториколық Эдгар Берланга (23-2, 18 KO) мен ұлыбританиялық Хамза Шираз (22-0-1, 18 KO) өзара мықтыны анықтады.

Жекпе-жек баяу қарқынмен басталды. Екі боксшы да джебке сүйеніп жұдырықтасты. Бірақ Шираздың антропометриялық басымдығы айқын аңғарылды. Әйтпесе бұл - оның суперорта салмақтағы алғашқы жекпе-жегі (2021 жылға дейін 69,9 келі салмақта өнер көрсеткен).

Алғашқы раундтарда қарсыластар бір-бірін бақылап, сақ қимылдады. Ал үшінші раундта айқас қыза түсті: Берланга жақын қашықтықта қысым көрсетуге тырысты, дегенмен аса қауіпті сәттер бола қойған жоқ.

Төртінші раундта Берланга тағы да жақыннан шабуылдай бастады. Алайда бұл жолы сол жақ хук өткізіп алып, есеңгіреп қалды. Шираз қарсыласын екінші рет нокдаунға түсірді. Рефери болса пуэрторикалық боксшыға гонгқа дейін шыдауға мүмкіндік берді.

Бесінші раундтың басында Шираз Берланганы тағы да ауыр соққымен састырып, төреші жекпе-жекті бірден тоқтатты. Осылайша, Хамза Шираз техникалық нокаутпен (ТКО 5) жеңіске жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам