ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Қазақстандық екі боксшы «Канело» - Кроуфорд кардында өнер көрсетеді

13.07.2025, 15:59

Данияр Елеусінов пен Иван Дычко 14 қыркүйекте рингке шығады

Қазақстандық екі боксшы «Канело» - Кроуфорд кардында өнер көрсетеді
Tengri sport

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Данияр Елеусінов (12-0, 7 KO) пен Иван Дычко (14-0, 13 KO) Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы үлкен бокс кешінде өнер көрсетеді.

Бұл туралы қос боксшының промоутері Зия Алиев «Наш Боец» YouTube-арнасына берген сұхбатында мәлімдеді:

«Данияр қыркүйекте өтетін «Канело» – Кроуфорд жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады. Қазір осы бағытта нақты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Осы шілде айында ол бір жекпе-жек өткізеді. Ол қазір лагерьде жаңа бапкермен жұмыс істеп жатыр, барлығы Питтсбургте. Ол бабында, дайындығы керемет деңгейде.

Ваня (Иван Дычко) да сол жерде келісімшартқа отырған. Ол да шілдеде бір жекпе-жек өткізеді, ол да Питтсбургте. Біз бұл айқастарды олар қыркүйектегі үлкен шоуға дейін белсенді болуы үшін ұйымдастырып отырмыз. Иван да қыркүйек айындағы кеште жұдырықтасады», - деді Алиев.

Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы бокс кеші 14 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам