ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Пакьяо төрешілер шешімімен келіспей, қарымта жекпе-жек сұрап отыр

22.07.2025, 10:00

Лас-Вегаста өткен жекпе-жек тең нәтижемен аяқталған еді

Пакьяо төрешілер шешімімен келіспей, қарымта жекпе-жек сұрап отыр
© Getty Images

46 жастағы әйгілі филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо төрт жылдық үзілістен кейін кәсіби рингке қайта оралып, жартылай орта салмақта WBC чемпионы Марио Барриоспен күш сынасты. 19 шілде күні Лас-Вегаста өткен жекпе-жек тең нәтижемен аяқталғанымен, Пакьяо өз жеңісіне сенімді екенін айтып, қарымта кездесу сұрап отыр.

«Мен бұл жекпе-жекте жеңдім деп ойлаймын. Өте тартысты кездесу болды, қарсыласым мықты екені рас. Барриос - керемет боксшы… Өте төзімді және сақ қимылдады. Ол сәтті комбинациялармен жұмыс істеді және қорғанысы да мықты болды», - деді Пакьяо.

Бұл айқаста 30 жастағы Марио Барриостың жинақы әрі ширақ қимылдағаны рас. Дегенмен Пакьяо да бұрынғы қарқынын аса жоғалтпаған, өз стилін сақтай отырып бокстасты, сол үшін де көрермен Пакьяоға тарихи жеңіс жетіспей қалғанына қынжылды.

Бокс тарихында сегіз салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Пакьяо кәсіби мансабын қайта жалғастыруды көздеп отыр және Барриоспен екінші мәрте кездесуге ниетті екенін айтты.

Өз кезегінде Барриос та қарымта кездесуге қарсы емес екенін жеткізді:

«Өзім жеңіске жеттім деп ойлаймын, бірақ Мэнниге құрметпен бас иемін. Мұндай аңыз адаммен бір рингте өнер көрсету - зор мәртебе. Біз барымызды салдық. Мэнниге деген құрметім бөлек. Оның шыдамдылығы, соққысы, тайминг пен ритмі - бәрі керемет, ол әлі де өте қауіпті қарсылас», - деді Барриос.

Осылайша, жанкүйерлер жақын арада Пакьяо мен Барриос арасындағы екінші жекпе-жекті көруі әбден мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам