
Спортшының айтуынша, әкесі алғашында ұлының кәсіби спортшы боларына сенбеген
Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов алғаш қолғап киген сәтін еске түсірді. Бұл туралы Lada.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
Боксқа жол ашқан алғашқы бапкері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батырбек Жайлыбаев. Айта кетейік, бұл құрметті атақты ол небәрі 30-дан асқан шағында иеленген. Жаттығулар Ақтаудағы Рахмет Өтесінов атындағы спорттық-сауықтыру кешенінде өткен. Бекзат осы залда Батырбек Жайлыбаевтың қол астында жеті жылдай жаттыққан.
Спортшының айтуынша, әкесі алғашында ұлының кәсіби спортшы боларына сенбеген. Оның боксты таңдаудағы өз себебі болған:
«Менің қарындасым мен інім бар. Әкем менің бауырларым үшін тұрып бере алатындай мықты болсын деді», – деп еске алады Бекзат Нұрдәулетов.