Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Менің олардан қай жерім кем? Қуат Хамитов президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді

22.07.2025, 13:34

Қуат Хамитов бұған дейін де саяси амбициясын ашық білдірген

Менің олардан қай жерім кем? Қуат Хамитов президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді
Әлеуметтік желі

Қазақстандық танымал ММА жауынгері Қуат «Найман» Хамитов болашақта президенттік сайлауға түскісі келетінін айтты.

Танымал спортшы бұл жайында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Қысқасы, мен 2045 жылы президенттікке түсемін деп шештім! Менің олардан қай жерім кем? Кейбіреулер сияқты халқының қанымен байлық жинаған жоқпын! Біздің елге ешқандай реформа көмектеспейді! Бар болғаны – ұрланған ұлттық байлықты қайтарып, оны экономикаға қайта құю керек!» — деп жазды спортшы.

Қуат Хамитов бұған дейін де саяси амбициясын ашық білдірген. Былтыр «Вестник ММА» басылымына берген сұхбатында негізі сайлауға 2035 жылы түсетінін айтып еді.

«Спорттық мансабымды аяқтаған соң бес жыл ішінде депутат болуға тырысамын. Ал он жылдан кейін, мүмкін, президент болғым келер. Себебі депутаттар ештеңені өзгертпейді. Сондықтан он жылдан кейін мені күтіңіздер — президент сайлауына қатысамын», — деген еді Қуат Хамитов.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам