Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Дюбуа Усикпен жекпе-жектен бірер сағат бұрын мерекелік кешке барған

22.07.2025, 17:40

Ол «Уэмбли» стадионына айқасқа 90 минут қалғанда барған

Дюбуа Усикпен жекпе-жектен бірер сағат бұрын мерекелік кешке барған
fightnews.info

The Times басылымына сұхбат берген дереккөз Даниэль Дюбуа мен Александр Усик арасындағы жекпе-жек алдында болған күтпеген жағдай туралы айтып берді.

19 шілдеде Лондонда аса ауыр салмақта өткен тарихи жекпе-жек қарсаңында Дюбуа әкесі ұйымдастырған отбасылық кешке болған. Эссекс қаласында өткен кешке ондаған қонақ жиналған.

«Даниэль келген қонақтардың көпшілігін танымайды да. Біраздан соң ол көлікпен қыдырып қайтамын кетіп қалды», – дейді аты-жөнін жасырған инсайдер.

Дюбуа жекпе-жек өтетін «Уэмбли» стадионына айқасқа 90 минут қалғанда барған. Бірақ көлік қоятын жер таппай, аренаға жаяу баруға мәжбүр болған.

Сол кеште украиналық боксшы Александр Усик Дюбуаны нокаутпен жеңіп, аса ауыр салмақтағы барлық белбеуді – WBC, WBA, WBO, IBF, IBO және The Ring-ті иеленді.

Осылайша, Усик тарихта Мохаммед Алиден кейін екінші рет абсолютті әлем чемпионы атанған аса ауыр салмақтағы екінші боксшы. Айта кетейік, Али бұл атақты үш рет жеңіп алған (1964, 1967, 1978). Осы жеңісі арқылы Усик мансабындағы ең қомақты табысқа кенелді: ол 132 миллион доллар (шамамен 70,3 миллиард теңге) сыйақы алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам