ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Әлем чемпионаты алдында Назым Қызайбай бастаған боксшы қыздар «жазаланды»

23.07.2025, 09:54

. Қыздар соған қарамастан әзілдеп жатқанын байқауға болады

Әлем чемпионаты алдында Назым Қызайбай бастаған боксшы қыздар «жазаланды»
ҰОК

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына дайындық жасап жатыр. Ұлттық құрамада темірдей тәртіп орныққан.

Бас бапкер Елдос Сайдалин команданың атмосферасына ерекше көңіл бөледі. Барлығы уақытымен келіп, уақытымен жаттығу жасағанын қадағалайды. Кезекті жаттығу күнінде Наталья Богдановаға кешігіп қалған. Ол келгенше қалған қыздарды бас бапкер спорт ережесі бойынша «жазалаған». Бірақ бәрі көңілді. Қыздар соған қарамастан әзілдеп жатқанын байқауға болады.

«Бес минуттан бері осылай тұрмыз», «Бұл енді қыздыру жаттығуына айналды», – дейді видеодағы боксшылар.

Оларға жауап ретінде бас бапкер Елдос Сайдалин:

«Тұра беріңдер, Наташа Шымкентке кетіп қалған», – деп әзілдейді.

Видео Instagram парақшасында «Сапқа кешіккендерді осылай күтеміз» деген жазумен жарияланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам