
Жәнібек бұған дейін де Геннадий Головкиннің байырғын қарсыласын жекпе-жекке шақырған
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адаместі келісімшартқа қол қоюға көндіре алмаған соң назарын мексикалық Сауль «Канело» Альвареске аударған секілді.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында «Канело» бейнеленген коллаж жариялап, астына «My goal» (ағылшын тілінен аударғанда «Менің мақсатым») деп қысқа да нұсқа жазба қалдырды.
Бұған дейін Жәнібек Адаместі ашық түрде жауап беруге немесе келісімшартқа қатысты шешім қабылдауға шақырған, алайда бұл әрекеттерінен еш нәтиже шыққан жоқ, Карлос үнсіз қалуды құп көрді. Осыдан кейін Әлімханұлы «Канелоға» көз тігіп отыр.
Жәнібек бұған дейін де Геннадий Головкиннің байырғын қарсыласын жекпе-жекке шақырған, бірақ ол жоспары аяқсыз қалды. Дегенмен бұл жолы бәрі басқаша болуы мүмкін.
Жәнібек Әлімханұлы – қазір WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Ол соңғы кездесуін 2024 жылғы 5 сәуірде Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгіні бесінші раундта нокаутпен жеңді.
Ал Сауль «Канело» Альварес – бүгінгі бокстың ең танымал есімдерінің бірі. Ол төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған және ESPN, The Ring сынды беделді рейтингтерде үнемі үздік боксшылар қатарында тұрады.
Канелоның келесі жекпе-жегі 2025 жылғы 13 қыркүйекте Лас-Вегастағы Allegiant Stadium аренасында өтеді. Оның қарсыласы – Теренс Кроуфорд. Кәсіпқой бокс жанкүйерлері осы жекпе-жектен кейін «Канело» мен «Қазақ стилі» арасында айқас өтуі мүмкін деп болжайды.