Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Канело әлемдегі үздік үш боксшыны атады

28.07.2025, 10:25

Сауль «Канело» Альварес 13 қыркүйекте Теренс Кроуфордпен жұдырықтасады

Канело әлемдегі үздік үш боксшыны атады
allboxing.ru

Екінші орта салмақта (76,2 келіге дейін) абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес The Ring журналына берген сұхбатында салмақ дәрежесіне қарамастан үздік үш боксшыны атады.

Мексикалық былғары қолғап шеберінің пікірінше, қазіргі таңда үздіктер тізімі мынадай:

1. Александр Усик
2. Наоя Иноуэ
3. Теренс Кроуфорд

Айта кетейік, Канело соңғы жекпе-жегін биылғы 4 мамырда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткізіп, төрешілердің ортақ шешімімен Уильям Скалланы жеңді, сол арқылы екінші орта салмақта абсолютті чемпион атағын қайта иеленді.

Ал 13 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Альварес Теренс Кроуфордпен жұдырықтасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам