
Бұл туралы әлеуметтік желіде жария болды.
Бақыт Сәрсекбаев жаттықтыратын 22 жасқа дейін Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына аттанды.
Құрлық біріншілігі 30 шілде мен 12 тамыз аралығында Тайландтың Бангок қаласында өтеді. Жарысты алғаш рет World Boxing ұйымы өткізеді.
Жауапты бәсекеге спортшыларды дайындаған Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Алматыдағы базарлардың бірінен 40 келі жылқының қазысын сатып алған. Бұл туралы әлеуметтік желіде жария болды.
Бапкер Таиландтағы тамақ мәзірі қазақстандық спортшыларға аса қолайлы емес екенін жақсы біледі. Сондықтан өзімен бірге қазы алып кетуді жөн көрген.
Азия чемпионатында Нұрзат Оңғаров, Бексұлтан Боранбек, Нұрислам Қалдыбаев, Илья Калинин, Нұрбек Мұрсал, Аман Қонысбеков, Санжарәлі Бегалиев, Азатбек Жолдасхан, Темірлан Мұқатаев және Нұрасыл Асылхан секілді боксшылар ел намысын қорғайды.