Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Басты қарсыластарымыз». Өзбекстан қазақ боксшыларының мүмкіндігін бағалады

Бүгін, 11:04

Өзбекстандық сарапшылар Қазақстанның дайындығына жоғары баға берді

«Басты қарсыластарымыз». Өзбекстан қазақ боксшыларының мүмкіндігін бағалады
championat.com

Өзбекстандық сарапшылар Қазақстан құрамасының бокстан әлем чемпионатына дайындығына жоғары баға берді.

Zamin.uz Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтетін дүбірлі додада Қазақстанды көшбасшылар қатарына қосқан. Басылым 4-14 қыркүйек аралығына жоспарланған аламанның алтынына Қазақстан мен Өзбекстаннан бөлек Куба боксшылары таласады деп пайымдап отыр.

«Бұл чемпионатта дәл осы үш құрама көшбасшылыққа таласады. Қазақстан мен Өзбекстан үздіктерін қосты, ал Куба о бастан мықты қарсылас. Турнир жанкүйерлердің назарын аударып, бокстың дамуына зор ықпал етпек. Екі ел де менмін деген боксшыларын шаршы алаңға шығарады, енді солардың қайсысы оқ бойы озып шығатыны бәріне қызық», – деп жазады басылым.

Айта кетейік, World Boxing аясында өтетін әлем чемпионатына төрткүл дүниенің кіл мықты деген былғары қолғап шеберлері қатысады. Жанкүйерлер қазақстандық боксшылардан жарқын жеңістер күтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам