Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Британдық боксшы Жәнібек Әлімханұлын реваншқа шақырды

Бүгін, 12:23

Екі боксшы алғаш рет 2022 жылы кәсіби рингте кездескен еді

Британдық боксшы Жәнібек Әлімханұлын реваншқа шақырды
©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Британдық боксшы Дензел Бентли орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына реванш өткізуді ұсынды.

Екі боксшы алғаш рет 2022 жылы кәсіби рингте кездескен еді. Ол кезде Әлімханұлы WBO белбеуі үшін өткен жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Сол кездесуден кейін Бентли бірнеше рет «Qazaq Style»-ға ашық түрде шақыру тастап, қарымта жекпе-жек өткізуді талап еткен.

Бұл жолы британдық боксшы Әлімханұлының әлеуметтік желідегі жазбасына жауап қатты. Қазақстандық чемпион Карлос Адамеске үндеу тастап, «Адамес! Сен қайдасың?» деп жазса, Бентли дереу өз пікірін қалдырды:

«Бәрін қойшы. Өзің қайдасың?», – деп реваншқа тағы да шақырды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Дензел Бентли орта салмақтағы Ұлыбритания чемпионы атағына қоса, WBO International және Еуропалық бокс кеңесінің чемпиондық белбеулеріне ие. 

Соңғы кездері қазақстандық WBO/IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адамеске іздеу салып жүргені белгілі. Дегенмен, Адамес келесі жекпе-жегінде орыс боксшысымен жұдырықтасатынын мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам