Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Төрешіге ұнаса ғана жеңеді»: Болат Жұмаділов қазіргі бокс жайлы шындықты айтты

Бүгін, 12:37

Жұмаділов қазіргі буынға баға беріп, кейбір жастардың өнерін жоғары бағалады

«Төрешіге ұнаса ғана жеңеді»: Болат Жұмаділов қазіргі бокс жайлы шындықты айтты
Видеодан кадр

Қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы, Атланта және Сидней Олимпиадасының финалына екі мәрте шыққан, қазақ боксының даңқты өкілі Болат Жұмаділов бүгінде спорт зал ашып, бапкерлікпен айналысып жүр. Ол өз тәжірибесін жас буынға үйретіп, ұлттық құрамаға шақырту алғанымен, тұрақты жұмысқа көңіл бөлгенін айтады.

«Спорт зал ашып, бапкер болып жүрміз. Боксты білмейтін жандарға үйретіп жүрміз. Ұлттық құрамаға шақырды, бірақ мен әрі-бері жүрмей, бір орында тұрақтап, жұмыс істесем дедім», – деді әйгілі спортшы.

Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері бокс ережесінің өзгермегенін, алайда спорттың дамып келе жатқанын атап өтті.

«Бокстың ережесі қалай болды, солай қалды. Қолмен беттен тигізу керек, соққыларды жібермеу керек. Бұрынғыдан гөрі дамыған сияқты, өйткені еш нәрсе бір орында тұрмайды. Әрқайсысы жеңіске жетуді қалайды, кейбірі ашық төбелеске барады. Әр боксшы өз тактикасын білуі керек. Баяғыдан бері төрешілердің шешімі басты рөл ойнайды. Боксшы төрешіге ұнаса, жеңісті алады», – деді ол.

Сонымен қатар, Жұмаділов қазіргі буынға баға беріп, кейбір жастардың өнерін жоғары бағалады.

«Боксшы болған соң, әрине, бақылап жүреміз. Көп жекпе-жектерді көріп отырамын. Жақында 75 келі салмақтағы Аман Қонысбековтің кездесуін бақыладым. Бокс оңай емес, жігіттердің бәрі еңбек етіп жүр. Қарсыластар да мықты, жекпе-жек тартысты өтті. Тең ойын болғанымен, жеңіс өзбек спортшысына берілді», — деді даңқты былғары қолғап шебері.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам