Ресми: Иван Дычко «Канело» – Кроуфорд кардында жұдырықтасады

Telegram WhatsApp

Дычконың қарсыласы – америкалық кіші Джермейн Франклин

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко (15-0, 14 КО) келесі кездесуін 13 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізеді. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегі мексикалық Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 КО) пен америкалық Терренс Кроуфордтың (41-0, 31 КО) арасындағы мега-айқас болмақ.

Дычконың қарсыласы – америкалық кіші Джермейн Франклин (23-2, 15 КО). Қос боксшы 10 раундқа жоспарланған айқаста күш сынасады. Бұл жекпе-жектің өтетінін UFC президенті Дана Уайт әлеуметтік желіде ресми түрде жариялады.

Айта кетейік, Иванның соңғы жекпе-жегі биыл шілде айында өткен болатын. Ол кезде қазақстандық боксшы америкалық Самуэль Кросседті (11-5-1, 7 КО) бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірген еді.

Әуесқой рингте Дычко екі дүркін Азия чемпионы (2013, 2015) атанып, екі Олимпиадада қола жүлде жеңіп алды (2012, 2016). Сондай-ақ әлем чемпионатында бір қола (2011) және екі күміс медальға (2013, 2015) қол жеткізген.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 839 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 124 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 502 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 138 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 123 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›