Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Жәнібек Әлімханұлын әлемдік боксқа зиян келтірді деп айыптады

20.08.2025, 15:02

Бұл жанкүйерлерді жиіркендіріп, спортқа зиянын тигізеді

Жәнібек Әлімханұлын әлемдік боксқа зиян келтірді деп айыптады
Фото: Yong Teck Lim/Getty Images

Boxingscene.com және RingTV секілді БАҚ-та қызмет ететін америкалық журналист Франсиско А. Саласар қазіргі кезде көптеген боксшылар рингте кездесудің орнына бір-бірімен әлеуметтік желілерде айтысып жүргеніне өзінің теріс көзқарасын білдірді.

Ол мұндай «жағымсыз мысалдардың» бірі ретінде орта салмақтағы әлем чемпиондары Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасындағы желідегі пікір-талас екенін айтты.

«Әлеуметтік желідегі қақтығыстар Шакур Стивенсон мен «Танк» Дэвис арасында басталды, кейін Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасында өрбіді. Ал қазір – Ксандер Зайас пен Вёрджил Ортис.Боксшылар бір-бірімен рингте емес, әлеуметтік желіде айқасқанда бұл жанкүйерлерді жиіркендіріп, спортқа зиянын тигізеді» –деп жазды Саласар өзінің Х желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы 5 сәуірде Астанада өткізіп, француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) 5-раундта нокаутпен жеңген болатын. Сонымен қатар бұл салмақ дәрежесінде кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) да чемпион. 

Әлімханұлы Адамеске жекпе-жек өткізу үшін келісімшарт жіберілгенін, алайда доминикандық боксшы ұсынысты қабылдамағанын айтқан.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 5
Ашулану 2
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам