Баходир Жалолов Иван Дычкомен жекпе-жек үшін көп ақша сұрап тұр - менеджер

Telegram WhatsApp

Қарсыласқа шешім ұзақ талқылаулардан кейін ғана қабылданған

скрин видео
скрин видео

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычконың (15-0, 14 KO) менеджері Зия Алиев шәкіртіне қандай қарсыластар ұсынылғанын айтты.

Менеджердің сөзінше, әуелде Дычкоға Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, Өзбекстанның жұлдызы Баходир Жалоловпен (15-0, 14 KO) жекпе-жек ұсынылған. Сондай-ақ Ресей боксшысы Арсланбек Махмудовпен (20-2, 9 KO) кездесу нұсқасы да қарастырылған. Қарсыласқа шешім ұзақ талқылаулардан кейін ғана қабылданған.

«Алдымен бізге Баходир Жалоловты ұсынды - біз келісім бердік. Бірақ оның командасы тым жоғары ақы сұрады. Түрки әл-аш-Шейхтің мүмкіндіктері зор, бірақ олар бизнес заңын да түсінеді. Команданың ондай сома сұрағанына таңғалдым. Сосын бізге Арсланбек Махмудов ұсынылды. Оған да келісім бердік. Біраз уақыттан соң Джермейн Франклин деген нұсқа шықты. Оның промоутері Ванямен жұдырықтасқанын қаламады, одан гөрі танымал қарсылас пен қомақты сыйақы іздеді. Бірақ біз жағдайды соңына дейін жеткіздік, Франклин келісімшартқа бір айдан астам уақыт бұрын қол қойды. Біз тек ресми жариялануын күттік»

деді Алиев Vesti.kz-ке берген сұхбатында

Айта кетейік, Дычко 13 қыркүйек күні Лас-Вегаста шаршы алаңға шығады. Бұл кештің басты жекпе-жегі Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 KO) пен Терренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) арасындағы айқас болмақ. Ал қазақстандық боксшы америкалық Джермейн Франклинмен (23-2, 15 KO) жұдырықтасады.

Биылғы шілдеде Иван Дычко кезекті мәрте өз мықтылығын дәлелдеп, америкалық Самуэль Кросседі (11-5-1, 7 KO) бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберген.
Әуесқой бокста Дычко белді боксшылардың бірі саналды: Азияның екі дүркін чемпионы (2013, 2015), Олимпиаданың екі мәрте қола жүлдегері (2012, 2016), сондай-ақ әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлделерінің иегері (2011, 2013, 2015).

Айта кетерлігі, әуесқой бокста жүргенде Дычко мен Жалолов төрт рет кездескен, және солардың барлығында қазақстандық боксшы жеңіске жеткен.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 950 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 124 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 502 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 138 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 126 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 394 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›