
Шаршы алаңды қатты сағындым
Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Дмитрий Бивол жақын арада рингке қайта шығатынын жариялады.
«Шаршы алаңды қатты сағындым. Қайтып оралып, ең сүйікті ісіммен айналысар сәтті асыға күтіп жүрмін», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Биволдың соңғы жекпе-жегі 23 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен еді. Ол кезде қазақстандық тегі бар боксшы жерлесі Артур Бетербиевпен реваншқа шығып, 12 раундқа созылған айқаста төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (114-114, 116-112, 115-113). Бұл жеңіс оған жартылай ауыр салмақтағы (79,2 кг дейін) барлық беделді чемпиондық белбеулерді біріктіріп, абсолютті әлем чемпионы атануға мүмкіндік берді.