Жұмағали Нұрмахан бокстан жасөспірімдер Азиадасында алғашқы алтынды алды

Ол үндістандық Сингх Мойбунгхонгбамды айқын басымдықпен жеңді

ҰОК
ҰОК

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жұмағали Нұрмахан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңімпаз атанды.

Қазақстандық былғары қолғап шебері 50 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Жұмағали финалда үндістандық Сингх Мойбунгхонгбамды айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша ол ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам