Бокстан Қазақстан жастары Өзбекстанның алдына шықты

Жалпы медаль саны бойынша Қазақстан мен Өзбекстан тең түсті

Фото: Арлан Олжабай
Фото: Арлан Олжабай

Бахрейннің Манама қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия Ойындары өз мәресіне жетті.
Бұл дүбірлі дода – жас боксшылар үшін аса маңызды сындардың бірі. Финалдық бәсекелерде қазақ ұландары тамаша өнер көрсетіп, 5 алтын медаль жеңіп алды.

 Чемпион атанғандар:

Ұлдар арасында:

  • 50 кг: Жұмағали Нұрмахан
  • 54 кг: Досжан Жұмақан
  • 66 кг: Даниял Шалқарбай

Қыздар арасында:

  • 66 кг: Аяулым Оспанова
  • 75 кг: Камила Оспанова

Жалпы медаль саны бойынша Қазақстан мен Өзбекстан тең түсті. Алайда ширек финалға шыққандар саны бойынша Қазақстан құрамасы басымдық танытып, қосымша көрсеткіштердің арқасында жалпы есепте бірінші орынға шықты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам