ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Костя Цзю такси жүргізушісімен төбелесіп қалды

02.11.2025, 21:59

Атақты спортшы осы әрекетіне әлі күнге дейін өкінетінін айтады

Костя Цзю такси жүргізушісімен төбелесіп қалды
Getty Images

Бокстан әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Костя Цзю Екатеринбургте (Ресей) таксистпен болған төбелесі туралы айтып берді.

Цзюдің айтуынша, бұл оқиға бірнеше жыл бұрын болған. Сол күні ол ұшаққа асығып, такси тоқтатпақ болады. Әзер дегенде бір көлік тоқтағанымен, жүргізуші әуежайға барудан бас тартқан. Бұған ашуланған боксшы көліктің капотын бір ұрып, ары қарай кетіп қалған. Бірақ оның бұл әрекеті таксиске ұнамай, ол көлігінен түсіп, артынша төбелес бастаған.

«Мен оған ештеңе деген жоқпын, ары қарай кетіп бара жатқанмын, сөйтсем, артымнан келе жатыр екен. Ашулы еді. Бірақ ол менің боксшы екенімді білген жоқ. Ол кезде кішкентай өрілген шашпен жүретін едім, дегенмен сол күні оны жасырып қойғанмын. Киімім де қарапайым еді. Жұдырығын ала жүгіргенін көріп ұрып жібердім. Сонан соң ол көлігіне тез мінді де, кетіп қалды», - деді Цзю гимназия оқушыларымен кездесу барысында.

Атақты спортшы осы әрекетіне әлі күнге дейін өкінетінін айтады. Сонымен қатар былғары қолғап шебері кез келген жанжалды жұдырықпен емес, сабыр мен сөз арқылы шешуге кеңес берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам