Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» Кипрге ұшып кетті

20.07.2026, 13:01

Кездесу 22 шілде күні Никосиядағы GSP Arena стадионында өтеді

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» Кипрге ұшып кетті
ФК “Қайрат”

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Омонияға» қарсы алғашқы матчын өткізу үшін Кипрге ұшып кетті.

Қос команда арасындағы кездесу 22 шілде күні Никосиядағы GSP Arena стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

«Қайрат» бұл кезеңге бірінші іріктеу сатысында Черногорияның «Сутьескасын» екі ойынның қорытындысы бойынша 4:1 (2:1, 2:0) есебімен сенімді түрде жеңіп шыққаннан кейін жолдама алды.

Екінші матч 29 шілде күні Алматыда өтеді. Екі ойынның жеңімпазы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Айта кетейік, ел чемпионатында 19 турдан кейін 42 ұпай жинаған «Қайрат» турнирлік кестеде екінші орында келеді және Еурокубоктағы сәтті сериясын жалғастыруды көздеп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам