
Жаңа туынды жанкүйерлер арасында қызу талқыға түсті
Қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың жетекшілігіндегі KeshYou тобы алматылық «Қайрат» клубына қолдау білдіріп, арнайы ән жазды. Жаңа туынды топтың ресми парақшасында жарияланды.
Футбол алаңында түсірілген бейнебаянда қыздар клубтың дәстүрлі қара-сары түстеріндегі образда бой көрсетеді.
Әннің мәтінінде де жеңіске деген жігерлі рух айқын сезіледі:
«Тербеткен мені ел бесік,
Қазақтың даласы есті.
Жүрегім сап-сары, көздерім қап-қара,
Бұл түстер маған үйлеседі.Орталық бәріне дайын,
Аталар бізді қолдайды.
Енді мен мың өліп, мың тірілсем де,
Жеңіссіз үйге қайтпаймын.Алдыңда жігіттер, білесің „Қайратты“,
Көтерем бүгін ел көк-сары байрақты.
Алатаудан биік ұшқан,
Қырандар келеді, шулатып аймақты».
Жаңа туынды жанкүйерлер арасында қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды:
– «Креативті шыққан! Сөздері де, образдары да ұнады. Қызық, мәтінді кім жазған екен?»– «„Қайрат! Айырад!“ деген ұран қосылса, тіпті әсерлі болар еді»
– «Қолдау шынымен мықты»
– «Өзім „Ақтөбенің“ жанкүйері болсам да, Қазақстан атынан әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүрген „Қайратқа“ жеңіс тілеймін! Біз бөлінбейік, бәріміз бір қазақпыз!»
– «Осыдан кейін „Қайрат“ міндетті түрде жеңуі тиіс» деген пікірлер жазылды.