ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Қазақстанда футбол бар екенін дәлелдейміз – Шерхан Қалмырза

29.09.2025, 11:20

Шерхан Қалмырза «Реалға» қарсы ойын алдындағы мақсатын айтты

Қазақстанда футбол бар екенін дәлелдейміз – Шерхан Қалмырза
әлеуметтік желі

Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі мадридтік «Реалға» қарсы өтетін ойын алдында пікір білдірді.

«Бұл – үлкен жауапкершілік. Біз тек клуб үшін ғана емес, бүкіл ел үшін ойнауымыз керек. Қазір бізге тек Қазақстан емес, бүкіл ТМД жанкүйерлік танытады деп ойлаймын. Қарсыласымыз мықты клуб болғанымен, біз өз ойынымызды көрсетуіміз тиіс. Әлемге Қазақстанда талантты ойыншылар бар екенін, футбол бар екенін дәлелдеуіміз қажет», – деді ол Qsport арнасына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, небәрі 18 жастағы қақпашы командада негізгі ойыншыға айналды. Бұл мүмкіндік оған Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алғаннан кейін бұйырды. Бұған дейін Шерхан Қалмырзаның анасы Сәуле Рабаева эксклюзив сұхбат берген еді.

Чемпиондар лигасының «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойыны 30 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам