
Ол «Реал» сапында 9 матч өткізіп, 13 гол және 1 нәтижелі паспен көзге түсті
26 жастағы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы ойында хет-трик авторы атанып, мадридтік «Реалдың» рекордтар кітабына енді.
Француз шабуылшысы бір маусымдағы Чемпиондар лигасының алғашқы үш голын соққан клуб тарихындағы тұңғыш футболшы болды. Бұл деректі Opta компаниясы растады.
Бұл маусымда Мбаппе «Реал» сапында 9 ойын өткізіп, 13 гол соғып, бір нәтижелі пас берген.
Қазіргі уақытта Килиан Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр. Оның еншісінде 5 гол бар. Одан кейін 4 голдан еншілеген «Бавария» шабуылшылары Гарри Кейн мен Майкл Олисе, сондай-ақ франкфурттық «Айнтрахт» ойыншысы Жонатан Буркардт орналасқан.