ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Реалға қарсы ойнадың ба?»: Шерхан Қалмырзаның анасы ұлын сынағандарға жауап берді

03.10.2025, 11:47

Алтай Даумов бұған дейін Шерхан Қалмырзаны «ерте мақтаудың қажеті жоқ» деп мәлімдеген

«Реалға қарсы ойнадың ба?»: Шерхан Қалмырзаның анасы ұлын сынағандарға жауап берді
әлеуметтік желі

«Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойындарынан кейін көпшіліктің назарын өзіне аударды. Жас ойыншыны қорғау үшін анасы Сауле Рабаева ашық мәлімдеме жасап, ұлына сын айтқан спорт функционері Алтай Даумовтың пікіріне қарсы шықты.

Еске сала кетейік, Қазақстан футбол федерациясы президенттігіне үміткер болған Алтай Даумов бұған дейін Шерхан Қалмырзаны «ерте мақтаудың қажеті жоқ» деп мәлімдеген еді.

«Ол әлі ештеңеге қол жеткізген жоқ, ешқандай ерекше ойын көрсеткен жоқ. Тек өз міндетін орындады. Жай ғана негізгі қақпашылар жарақат алған соң алаңға шықт. Сондықтан 18 жастағы қарапайым баланы аспандатудың қажеті жоқ», – деп жазған болатын ол.

Сауле Рабаева Instagram-дағы kzsports парақшасында пікірін жариялап, функционердің сөздеріне ашық түрде жауап берді:

«Қызық, Алтай мырза спортта өзі не бітірді екен? «Реалға» қарсы ойнады ма? «Спортингке»шықты ма? Қызғаныш – бос адамдардың ісі. Өнер мен спортты түсінетіндер ғана бағалайды. Еңбектің жолын әділ бағаламай, «ақылгөй» болатындар қашан да табылады. Егер адам кеңпейіл болса, ол бақыт өз әулетіне қонады. Алла қалап, игілік өзінен болмаса, ұрпағынан қайтады!», – деп жазды ол.

Айта кету керек, Шерхан Қалмырза негізгі қақпашылар Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алғаннан кейін негізгі құрамға қосылды. «Спортингке» қарсы өткен ойында (1:4) ол пенальтиді сәтті қайтарып, көпшіліктің назарын аударды. Ал Алматыда өткен «Реалға» қарсы матчта (0:5) қақпасына жасалған сансыз соққыға қарамастан, бірнеше қауіпті сәтте командасын құтқарып қалды.

Осылайша, жас қақпашы төңірегіндегі пікірталастарға қарамастан, өз ойынымен жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленіп отыр.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам