
Ол Олимпиададан кейін жарты жыл бойы демалған
Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев татамиге қайта оралды. Ол Астанада өтетін Гранд Слэм турниріне қатысады.
Даңқты балуан 1bol.kz тілшісімен сұхбаттасып, жарысқа дайындығы және алға қойған мақсаттары туралы айтты.
– Ғұсман, бірер ай бұрын сұхбаттасқанымызда әлі бабыма келе алмадым деген едіңіз. Міне, бүгін жатығу залында жолығып отырмыз, ертең жарысқа қатысасыз. Демек, қазір бабыңызға толық келдіңіз ғой?
– Олимпиада ойындарынан кейін 6 ай бойы спорттан қол үзіп, демалдым. Бұл демалыстан кейін шыны керек, дайындық барысы қиындау болып жатыр. Жарты жыл уақыт демалыстан кейін ұлттық құраманың бапкерлер берген тапсырмасы аздап қиынға соқты. Дәл қазір толыққанды бабымдамын демесем де жақсы формаға келген сияқтымын. Дегенмен, ертең жарыста бар күш-жігерімді салып, жеңіске жетуге тырысамын.
Сондай-ақ, Олимпиада ойындарындағы жүлдемнен соң бұл бәсекеде жанкүйерлер менен жоғарғы нәтиже күтері анық. Өз жерімізде өтетін болғандықтан әжептәуір қобалжу бар.
– Қазір ұлттық құрама бас бапкерсіз дайындалып жатыр. Алдағы жарыста мұның салдары болмай ма?
– Ұлттық құрамада бас бапкер италиялық Эцио Гамба деді ғой. Қазір бізде Роберт Мшвидобадзе деген ағайымыз бар. Ұлттық құрама мүшелері сол кісіні іштей бас бапкер ретінде қабылдадық. Қалған 10 жаттықтырушы сол кісіге көмектеседі.
– Осы жылғы басты мақсат жоспарыңыз қандай? Әлем чемпионатына қатысасыз ба?
– Елімізде өтетін Гранд Слэм турнирінен кейін бабымызға қарай көреміз. Жалпы бұл жылдағы басты мақсатым – әлем чемпионы атану.