Британиялық бапкер Ғалымжан Кенжебекке көз тігіп отырғанын растады

Telegram WhatsApp

Маман бәсекелестік жоғары болатынын тілге тиек етті. 

kazfootball.kz
kazfootball.kz

«Данди Юнайтед» бас бапкері Джим Гудвин Қазақстан құрамасының және «Елімай» клубының вингері Ғалымжан Кенжебекке қызығушылығы барын алға тартты.

Бұған дейін Шотландияның The Courier Sport басылымы «Дандидің» 22 жастағы қазақстандық футболшыға көз тігіп отырғаны туралы жазған еді. Себебі Кенжебек қаңтар айында еркін агентке айналады. Оған «Хартс» клубы және Португалия, Чехия мен Грекия командалары да назар аударған.

Гудвин Кенжебекті қатарға қосу мүмкіндігін жоққа шығармады, бірақ бәсекелестіктің жоғары болатынын атап өтті:

Қысқы трансфер терезесіне лайықты түрде дайындалып жатырмыз. Кенжебек көптеген клубтың шорт-парағында тұрғанына сенімдімін. Біз команданы күшейтуді көздейміз, қаңтарда не болатынын көрейік. Бұл оңай кезең емес, бірақ бізге мықты ойыншылар керек

деді ол

Бапкер Кенжебекті қатарға қоса алмаған жағдайда, басқа вингер алатынын айтты.

Қазіргі құрам жаман емес, дегенмен сол шепте ойнайтын тағы бір футболшы керек. Егер қолжетімді әрі бізге сай келетін нұсқа пайда болса, онда міндетті түрде әрекет етіп көреміз

деді Гудвин

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 56 970 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 266 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 506 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 578 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 278 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 163 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 277 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 819 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 497 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 327 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 478
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Астон Вилла
9
7
Манчестер Сити
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›