Қазақстандық маман Андрей Ферапонтов команда тізгінін ресми түрде қолға алды
Кызылорда өңірінің басты футбол клубы «Қайсар» жаңа маусымды жаңа бас бапкермен бастайды.
Қазақстандық маман Андрей Ферапонтов команда тізгінін ресми түрде қолға алды.
Клубтың Instagram парақшасында бұл жаңалық былай жарияланды:
«Ресми түрде: Андрей Ферапонтов – «Қайсардың» жаңа бас бапкері!
Жаңа маусымда қызылордалық команданы тәжірибелі маман Андрей Ферапонтов жаттықтырады», – делінген хабарламада.
Андрей Ферапонтов кім?
Андрей Святославович – Қазақстан Премьер-лигасында өз ізін қалдырған, тәжірибесі мол бапкер.
Ол өзінің бас бапкер ретіндегі жолын «Мақтаарал» клубынан бастап, кейін «Оқжетпесте» жалғастырды. Бұған қоса, ол:
Ферапонтов қазір Қазақстанның жастар құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы қызметін де қатар алып жүр. Бұл – оның халықаралық деңгейдегі тәжірибесі бар екенін көрсетеді.
«Қайсардың» жаңа дәуірі
2025 жылы «Қайсар» Қазақстандағы жекеменшікке өткен алғашқы клубтардың бірі болды. Команданың жаңа иесі – кәсіпкер Исламғали Қозбақов.