Қайрат Копенгагеннен жеңілмейді. Тоттенхэм бейшара халде. Бавария мен Реал тегін 3 ұпайын алады

Ұлан Қонысбаев футболдағы мансабын қайта жалғастыруы мүмкін

21.11.2025, 09:51

Ұлан Қонысбаев соңғы рет «Тараз» клубында өнер көрсеткен

Ұлан Қонысбаев футболдағы мансабын қайта жалғастыруы мүмкін
әлеуметтік желі

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев кәсіби мансабын қайта жалғастыруды жоспарлап отырғаны жайлы ақпарат тарады. Бұл жөнінде функционер Дидар Сыдықбек мәлім етті.

Сыдықбектің айтуынша, футболшының қайта оралуы – мансабын лайықты деңгейде аяқтауға деген ниетімен байланысты.

«Ұлан Қонысбаев футболшы ретіндегі мансабын қайта жалғастыратыны айтылып жатыр. Ол футболмен әдемі қоштасуға лайық. Ел намысын қорғап жүріп жарақат алған аңыз ойыншы үшін бұдан да мәнді қоштасу болуы керек», – деп жазды ол телеграм-арнасында.

Ұлан Қонысбаев соңғы рет «Тараз» клубының атынан өнер көрсетіп, 2022 жылдың басында мансабын аяқтаған болатын. Ол Қазақстан құрамасында 32 матчқа қатысып, үш гол соқты. Өз буынының жарқын ойыншыларының бірі саналды.

Қазіргі таңда 36 жастағы Қонысбаев «Тараз» клубының селекциялық бөлімінде жұмыс істейді. Оның алаңға қайта оралуы – қазақ футболындағы ең ықпалды әрі символдық камбэктердің бірі болуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам