Мақсат Байжанов – Қызылорда футбол мектебінің түлегі
41 жастағы қазақстандық маман Мақсат Байжанов Ақтаудың «Каспий» клубының жаңа директоры болады. Бұл туралы KazFootball.kz жазды.
Жуырда Байжанов «Қайсар» клубының спорт директоры қызметінен кеткен еді. Енді ол Премьер-лигаға жаңадан көтерілген «Каспийдің» басшылық тізгінін қолына алады. Ақтаулық клуб өткен маусымда Бірінші лигада бірінші орын алып, элитаға жолдама алған болатын.
Мақсат Байжанов – Қызылордафутбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын «Қайсар» құрамында бастап, кейін түрлі қазақстандық клубтардың намысын қорғады: «Иртыш», «Ақтөбе», «Атырау», «Шахтер», «Жетісу», «Локомотив» (қазіргі «Астана»).
Ұлттық құрама сапында Байжанов 30 матчқа қатысып, 1 гол соққан.