Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Бішкекке микроавтобуспен жарысқа барған Қазақстанның жеті спортшысы қайтыс болды

02.12.2025, 17:13

Бішкекте өткен құлағы естімейтін спорт ардагерлері арасындағы футбол турнирінен оралып келе жатқан қазақстандық спортшылар

Бішкекке микроавтобуспен жарысқа барған Қазақстанның жеті спортшысы қайтыс болды
видеодан скрин

Алматы мен Бішкек тасжолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан микроавтобус ішіндегі барлық жолаушылар қаза тапты. Қайғылы жағдай туралы хабарды Ұлттық сурдлимпиялық комитеттің вице-президенті әрі жол қауіпсіздігі қауымдастығының президенті Арсен Шакуов растады.

Оның айтуынша, қаза тапқандар – Бішкекте өткен құлағы естімейтін спорт ардагерлері арасындағы футбол турнирінен оралып келе жатқан қазақстандық спортшылар.

Қайтыс болғандар тізімі:

  • Асыл Ибраимов –  құлағы естімейтін спортшылар арасында футболдан жаттықтырушы;
  • Дмитрий Мочальский – Сурдлимпиялық ойындардың чемпионы, құлағы естімейтін спортшылар арасындағы Еуропа чемпионы;
  • Сәкен Смағұлов – құлағы естімейтін спортшылар арасындағы футбол құрамасының мүшесі;
  • Сергей Волковинский – ұлттық құрама ардагері;
  • Серік Молдашев – құлағы естімейтін спортшылар арасындағы футбол құрамасының мүшесі.

Алматы облыстық ПД мәліметінше, апат Алматы–Бішкек тасжолының 129-шақырымында болған. Honda Odyssey маркалы микроавтобус HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Соққы салдарынан жеті адам оқиға орнында көз жұмды.

Қоғамда резонанс тудырған бұл оқиға бойынша тергеу басталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам