Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Дональд Трамп әлем чемпионатының жеребе тарту рәсіміне қатысады

05.12.2025, 10:58

Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді

Дональд Трамп әлем чемпионатының жеребе тарту рәсіміне қатысады
CNP/ADM/Capital Pictures/picture alliance

ФИФА АҚШ президенті Дональд Трамптың футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне арналған жеребе тарту рәсіміне қатысатынын хабарлады. Салтанатты шара бүгін, 5 желтоқсанда, Вашингтондағы Кеннеди орталығында өтеді.

Трамппен бірге Мексика президенті Клаудия Шейнбаум және Канада премьер-министрі Марк Карни қатысады. Алдағы чемпионатта Мексика мен Канада әрқайсысы 13 матчтан қабылдаса, негізгі ойындардың басым бөлігі –  78 кездесуі АҚШ-та өтеді.

АҚШ президентінің шараға келуі күтпеген жағдай емес. Бұған дейін Трамп өзіне саяси тұрғыда жақын кейбір шетелдік лидерлерге жеке шақырту жіберген еді. Солардың бірі – әлем чемпионы Аргентина президенті Хавьер Милей.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұл тарихтағы алғаш рет 48 құрама қатысатын мундиаль болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам