ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Өзбекстан Португалиямен жоспарланған жолдастық кездесуден бас тартты

Екі ел наурыз айында матч ұйымдастыру жөнінде алдын ала келісімге келген

gazeta.uz
gazeta.uz

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеребесінен соң Өзбекстан құрамасы Португалия ұлттық құрамасымен жоспарланған жолдастық кездесуді тоқтатты. Бұған дейін екі ел федерациялары наурыз айында матч ұйымдастыру жөнінде алдын ала келісімге келген еді.

Вашингтонда өткен жеребе тарту рәсімінің нәтижесінде Өзбекстан К тобына түсіп, қарсыластары Португалия мен Колумбия болды. 

Championat.Asia мәліметінше, Өзбекстан футбол қауымдастығы екі команда бір топқа түскеннен кейін жолдастық матчтың маңыздылығы төмендегенін айтып, кездесуден бас тарту туралы шешім қабылдаған.

Соның нәтижесінде жоспарланған ойын ресми түрде күшін жойды. Енді екі құрама да наурыз айындағы FIFA күнтізбесіне сәйкес жаңа қарсылас іздейді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам