Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Словения қарсы ойында гол соқсам клуб мені бірден құртады – Рамазан Оразов

19.10.2023, 18:45

Аталған матчта Қазақстанның Еуро2024-ке қатысу мәселесі шешіледі

Словения қарсы ойында гол соқсам клуб мені бірден құртады – Рамазан Оразов
Фото ашық дереккөзден

Футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдерінде Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі Рамазан Оразов өзінің қаншалықты маңызды ойыншы екенін көрсетті. Ол Дания мен Финляндияға қарсы ойында сауатты ойынымен көзге түскен еді. Vesti.kz-ке берген сұхбатында футболшы Словенияға қарсы ойында гол соқса, «Копер» клубы қатарынан алып тастауы мүмкін екенін жасырмады. 

Айта кетейік, Рамазан Оразов Словенияның «Копер» футбол клубына жақында ғана ауысқан болатын.

«Ұлттық құрама сапында Словенияға қарсы ойында гол соққан жағдайда не болуы мүмкін?» деген сауалға футболшы: «Әрине гол соққан жақсы. Алайда, жағдай солай болса мені бірден «Коперден» алып тастайды» деп жауап берген.

«Копер» клубы жеңістен кейін мені жеке құттықтады. Ол жақта әлеуметтік желі біздегідей кең көлемде қолданылмайды. Сондықтан клубтың ресми парақшасында бұл туралы жазылмады, - деді сұхбат барысында Разаман Оразов.

Сондай-ақ, жартылай қорғаушы Финляндияға қарсы ойында қай таймда Қазақстан құрамасы қарқынды ойнағанын атады. 

«Меніңше, біз екінші таймда барлық жағынан жақсы ойнадық. Ең маңыздысы, біз алғашқы таймда бір голдан артық доп соқтырмадық. Қақпашы барлық сәтте қапы қалмады. Бақтияр Зайнутдинов ойында ерекше көзге түсіп, жеңіс сыйлады. Жеңісті сәттен кейін бәріміз оны құттықтадық», - деді Р.Оразов.

Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Данияға қарсы ойында алаңда 11 шақырым жүгірген. Ал фин жерінде жасыл алаңда одан да көп нәтижені байқатты. Сұхбат барысында, бірінші таймдағы жағдайдан кейін жанкүйерлердің Бақтияр Зайнутдиновты сынауының қалыпты жағдай екенін жеткізді.

«Қай кезде де жанкүйерлер ойыншыларға сену керек», - деді ол.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам