Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Қайрат» Чемпиондар лигасының соңғы ойындары алдында жаңа футболшыны қатарға қосты

15.12.2025, 18:31

Оксанен барлық турнирде 51 матч өткізіп, 4 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген

«Қайрат» Чемпиондар лигасының соңғы ойындары алдында жаңа футболшыны қатарға қосты
"Қайраттың" баспасөз қызметі

Алматының «Қайрат» футбол клубы финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксаненмен келісімшарт жасасқанын ресми түрде хабарлады. 25 жастағы футболшымен жасалған келісім 2027 жылдың желтоқсан айына дейін есептелген.

Оксанен – орталық жартылай қорғаушы. Кәсіби мансабын Финляндияның ХИК клубында бастаған футболшы 2018 жылы Англияның «Брентфорд» командасына ауысып, клубтың екінші құрамында ойнады. Кейін ол «Уимблдон» және шотландиялық «Мортон» клубтарында жалға беріліп, тәжірибе жинақтады.

2022 жылы Яакко Финляндияға оралып, КуПС клубының намысын қорғады. Сол команда сапында ол «Қайратқа» қарсы УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде ойнап, алғашқы матчта гол соққан. Екі кездесудің қорытындысы бойынша алматылық клуб 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

2024/25 маусымында Оксанен барлық турнирде 51 матч өткізіп, 4 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ ол Финляндия ұлттық құрамасында бір рет, ал U-21 жастар құрамасында 15 матчқа қатысқан.

Жаңа трансфер «Қайраттың» «Брюгге» мен «Арсеналға» қарсы маңызды ойындар алдындағы құрамын айтарлықтай күшейтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам