Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Шымкенттегі атақты миллиардер «Ордабасы» футбол клубын сатып алуы мүмкін

15.12.2025, 18:44

Forbes нұсқасы бойынша елдегі ең ықпалды 27 бизнесменнің бірі

Шымкенттегі атақты миллиардер «Ордабасы» футбол клубын сатып алуы мүмкін
ФОТО: Андрей Лунин/Forbes.kz


Forbes тізіміне енген белгілі кәсіпкер, «Онтүстік» қаржы-сауда өнеркәсіптік корпорациясының президенті Серікжан Сейтжанов Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубын сатып алуы мүмкін.

Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасап, спорт журналисі әрі  комментатор Елдар Аманбаев хабарлады. Оның айтуынша, кәсіпкер қазірдің өзінде клубты сатып алу мүмкіндігін зерделеп жатыр.

«Менің ақпаратыма сәйкес, Серікжан Сейтжанов шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының жаңа иесі болуы мүмкін. Шымкенттің тумасы, Forbes нұсқасы бойынша елдегі ең ықпалды 27 бизнесменнің бірі қазір клубты сатып алу шарттарын зерттеп жүр», – делінген журналист жариялаған мәліметте.

Серікжан Сейтжанов – Шымкент қаласының тумасы. Ол 2025 жылы Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер рейтингінде 27-орынға жайғасты.

Forbes деректеріне сәйкес, Сейтжановтар әулетіне «Онтүстік» қаржы-сауда өнеркәсіптік корпорациясы тиесілі. Бұл корпорация арқылы олар «Саутс Ойл» мұнай компаниясының 51 пайызына, Smart-Oil бұрғылау компаниясына, «МұнайҚұрылысСервис» құрылыс серіктестігіне, «Стандарт Цемент» зауытына, Talas Investment Company химия кәсіпорнына және Standard Petroleum & Co компаниясындағы үлеске иелік етеді.

Сонымен қатар Сейтжановтар отбасының иелігінде Rixos Khadisha Shymkent пен Rixos Turkestan қонақүйлері, Satti Zhol жанармай бекеттері желісі, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы және Шымкент қаласындағы Инновациялық-технологиялық колледж бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам