Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Әзербайжан басшысы УЕФА-ның төрешілерін айыптады

22.01.2026, 15:47

Ильхам Әлиев: Әділдік пен қайсар рухты ешкім жеңе алмайды

Әзербайжан басшысы УЕФА-ның төрешілерін айыптады
president.az

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Франкфурттың «Айнтрахт» командасын 3:2 есебімен жеңген «Қарабақтың» ойынына қатысты пікір білдіріп, УЕФА-ны төрешілердің біржақты шешімдері үшін сынады.

Ильхам Әлиев бұл туралы өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында жазды. Аталған матчқа швейцариялық Сандро Шерер бастаған төрешілер тобы қазылық еткен болатын. Кездесудің шешуші голын 94-минутта Бахлул Мустафазаде соқты.

Ойынның соңғы бөлігіндегі төреші шешімдері дау туғызды. 74-минутта «Қарабақ» шабуылшысы Камило Дуран «Айнтрахттың» айып алаңында құлағанымен, төреші ереже бұзылғанын тіркемеді. Ал 78-минутта «Қарабақтың» айып алаңында Мустафазаде мен «Айнтрахт» жартылай қорғаушысы Ансгар Кнауфф соқтығысқан сәтте төреші пенальти белгілеген.

«Төрешінің әділетсіз әрі біржақты шешімдеріне қарамастан, әділдік салтанат құрды. УЕФА тағайындаған төрешілердің осындай шешімдері арқылы «Қарабақтың» жеңіске жетуіне кедергі келтіруге тырысқан жағдайлар бұрын да болған. Бұл төрешіні кім тағайындағанын УЕФА түсіндіреді деп үміттенемін», - деп жазды Ильхам Әлиев.

Бұдан бөлек, Әлиев команданы жеңісімен құттықтап, «әділдік пен қайсар рухты ешкім жеңе алмайды» деп атады.

Осылайша «Қарабақ» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін команда португалиялық «Бенфиканы» (3:2) және даниялық «Копенгагенді» (2:0) жеңген. Қазіргі таңда клубтың еншісінде 10 ұпай бар, турнир кестесінде 18-орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам